Прокуратураның араласуынан кейін Екібастұзда 100 қызметкер жалақысын алды

Прокуратураның араласуынан кейін Екібастұзда 100 қызметкер жалақысын алды

Екібастұз қаласының прокуратурасына «Екібастұз электр машиналары зауыты» ЖШС-нің қызметкерлері жалақының төленбеуі фактісі бойынша жүгінді.

       Тексеру барысында кәсіпорында көрсетілген қызметтер үшін қаржыландырудың болмауына байланысты қызметкерлер алдында берешек қалыптасқаны анықталды.

       Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтарды жою шаралары қабылданды. Нәтижесінде 100 қызметкерге жалпы сомасы 20 302 336 теңге көлеміндегі жалақы берешегі толық көлемде төленді.

       Осылайша Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді.

       Жол берілген заң бұзушылықтар үшін жұмыс беруші әкімшілік жауаптылыққа тартылды.