Май ауданы прокуратурасының шараларымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер халыққа қайтарылды

Май ауданы прокуратурасының шараларымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер халыққа қайтарылды

Май ауданында прокуратура шаруа қожалықтарының біріне жайылымдық жерлерді бөлу кезінде жер заңнамасының бұзылуын анықтап, жолын кесті.

Әкімнің шешімімен фермерге жалпы аумағы 5 мың гектардан асатын, құны 12 млн теңгеден жоғары төрт жер учаскесі берілген. Алайда тексеру барысында бөлінген жер көлемі шаруашылықтың нақты қажеттілігінен едәуір артық екені белгілі болды.

Белгіленген жүктеме нормативтеріне сәйкес мұндай жайылымдарда шамамен төрт мың бас ірі және ұсақ мал ұстау қарастырылған. Ал іс жүзінде фермердің иелігінде небәрі 400-ге жуық мал болған — бұл қажетті мөлшерден он есе аз.

Сонымен қатар жер пайдалану шарттары заңда белгіленген тәртіппен тіркелмеген.

Прокурордың наразылығы бойынша әкімнің қаулысы қайта қаралып, жер учаскелері алынып, мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: