
Екібастұз қаласының прокуратурасы «Богатырь Комир» ЖШС-нің корпоративтік радиосында «Заң мен тәртіп – біздің таңдауымыз!» атты айдар ашты. Жоба көмір разрезі қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Әр эфир өзекті тақырыптарды талдауға арналып, өмірлік мысалдар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар беріледі. Атап айтқанда, алаяқтық, қаржы пирамидалары, есірткіге қарсы іс-қимыл, дропперлік және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қамтылады.
Радиохабарлар өндірістік нысандарда таратылып, сонымен қатар «Богатырь FM» радиосының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы көпшілікке қолжетімді.
Сонымен қатар, прокуратура бастамасымен ашық тәсілмен көмір өндіретін әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі – 6,5 мыңнан астам адам еңбек ететін ұжыммен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдегі криминогендік ахуал мен өндірістегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Мұндай өзара іс-қимыл форматы қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңдылық пен қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: