
2025 жылғы қадағалау қызметінің қорытындысы бойынша прокуратура тарапынан заңсыз мемлекеттік сатып алуларды 32 млрд теңгеге жою, бюджет қаражатының 24,1 млрд теңгеге негізсіз жұмсалуын болдырмау, 3 млрд теңге көлемінде залалды өндіру, 6,5 млрд теңге сомасындағы мүлікті қайтару, сондай-ақ 1 млрд теңге айыппұл өндіріп алу арқылы мемлекеттің материалдық мүдделері қорғалды.
Бюджет қаражатын жұмсау кезінде орын алған барлық ұрлық пен қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Мысалы, Ақсу қаласы Құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін аяқталмаған пәтерлерді сатып алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оның алдындағы басшыға және мердігерге қатысты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы кезінде орындалмаған жұмыстар үшін 451 млн теңге төлеу фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.
Цифрландыру саласында, оның ішінде ауылдық жерлерді интернетпен қамтамасыз ету барысында 150 млн теңге көлемінде жымқыру фактісі анықталды.
Күдіктілер қамауда, облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеу жүргізуде.
Жалпы алғанда, жауапкершіліктің әртүрлі түрлеріне 160 адам тартылды. 11 адамға қатысты айыптау үкімдері шығарылды.
Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бағытындағы қадағалау жұмыстары жалғасуда.
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: