Прокуратура сот актілерінің орындалуына бақылауды күшейтуде: 2025 жылдың қорытындылары

Прокуратура сот актілерінің орындалуына бақылауды күшейтуде: 2025 жылдың қорытындылары

Облыс прокуратурасы 2025 жылға арналған атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықтың сақталуы бойынша қадағалау қызметінің қорытындыларын шығарды.

Жыл қорытындысы бойынша прокурорлар тарапынан 40-тан астам прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, 34-тен астам қылмыстық және әкімшілік іс қозғалды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 800 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, 110 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал 2 нотариус қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды.

Қадағалау барысында алимент төлеуден жалтарып, табыстарын жасырған шамамен 270 борышкер анықталды.

Сот орындаушыларының, әділет органдары мен полицияның үйлестірілген жұмысының арқасында алимент бойынша 4,2 млрд теңге көлеміндегі берешек өндірілді, мемлекет кірісіне 1,2 млрд теңге қарыз өтелді, сондай-ақ жұмыс берушілер жалақы бойынша қарыздардың 90 пайызын төледі.

380-нен астам қасақана борышкер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сот актілерінің орындалуы барлық азаматтар үшін міндетті болып табылады және прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі болып қала береді.

2026 жылы прокуратура органдары атқарушылық іс жүргізудің тиімділігін арттыруға, сот шешімдерінің уақтылы әрі толық орындалуына бақылауды күшейтуге, сондай-ақ оларды орындаудан жалтару фактілерінің жолын кесуге басымдық беруді жоспарлап отыр.

Негізгі басымдықтардың қатарында — балалардың құқықтарын қорғау, алименттерді, жалақы бойынша берешектерді және мемлекет кірісіне түсетін қарыздарды өндіру шараларын жандандыру, сондай-ақ борышкерлерді және олардың жасырын табыстарын анықтау үшін заманауи цифрлық құралдарды қолдану бар.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: