Балаларды қорғау – прокуратураның қадағалау қызметіндегі басымдық

Балаларды қорғау – прокуратураның қадағалау қызметіндегі басымдық

Прокуратура тарапынан кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қадағалау қызметі барысында облыста 63 мыңнан астам оқушы білім алатын оқу орындарында тамақтануды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде перспективалық мәзір санитариялық талаптарға сәйкестендіріліп, ет және жеміс-жидек өнімдерін қосу арқылы кеңейтілді. Балаларға ұсынылатын тағамдардың сапасына күнделікті бақылау күшейтілді.

Үйде білім алатын 545 баланың тар бейінді мамандардың (логопедтер, дефектологтер және басқалар) жетіспеушілігіне тап болғаны анықталды. Бос орындар толтырылғаннан кейін балалар қажетті оқытуға қол жеткізді.

Облыс орталығы мектептерінің директорларымен өткен кездесуде құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Бірқатар білім беру ұйымдарының басшылары бір орында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқаны атап өтілді (заңнамаға сәйкес 7 жылдан асқан жағдайда ротация жүргізілуі тиіс). Жұмыстың тиімділігін арттыру және жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында басшылық құрамды ротациялау және жаңарту туралы шешім қабылданды.

Өмірлік қауіп жағдайында және «тәуекел» аймағында жүрген балаларды анықтау жұмыстары жалғасуда.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу айлығының қорытындысы бойынша уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл нәтижесінде бұрын есепте тұрмаған 23 қолайсыз отбасы және өгей әке тарапынан баланы қинау фактісі анықталды.

Тұрғын-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізіліп, бірқатар профилактикалық шаралар қабылданды. Баланы қинау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 109-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: