«Жасанды интеллект зорлық-зомбылыққа қарсы»

«Жасанды интеллект зорлық-зомбылыққа қарсы»

Мемлекет басшысы жасанды интеллектті пайдалана отырып, цифрландыруды кеңінен дамыту бағытын белгіледі.

Облыс прокуратурасының бастамасымен психоневрорлогиялық ауруларға шалдыққан балаларға әлеуметтік қызметтерді көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемеде «Жасанды интелект зорлық - зомбылыққа қарсы» жобасы іске асырылуда.

Осыған байланысты, бейнебақылау камераларында қызметкерлер мен тәрбиенушілердің мінез-құлықты бағалайтын және агрессия белгілерін (соққы, айқай, құлау) анықтайтын жүйе енгізілген.

Нәтижесінде, 2025 жылғы 30 желтоқсанда жасанды интеллект облыстық психоневрологиялық орталығында қайтадан орын алған 13 жастағы баланы (аутизмға шалдыққан) күзетшімен ұрып-соғуы  фактісін анықтады.

Осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (полициямен тергелуде).

Жоба іске қосылған сәттен бастап балаларды ұрып-соғудың екінші ққиғасы анықтады. Бұрын орталықтың санитары атқарып отырған лауазымынан босатыла отырып, қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: