Павлодарда прокурорлар профилактиканы күшейтуде: «Заң мен тәртіп» өңірлік айлық қорытындылары

Павлодарда прокурорлар профилактиканы күшейтуде: «Заң мен тәртіп» өңірлік айлық қорытындылары

Павлодар облысында «Заң мен тәртіп» концепциясы аясында прокурорлар, Полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен кең ауқымды профилактикалық айлық өткізілуде.

Рейдтер барысында көші-қон заңнамасы, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі, қаруды сақтау және айналымға шығару, алкоголь өнімдерін сату салаларында бірқатар бұзушылықтар анықталды, бұл бақылауды күшейтудің қажеттілігін көрсетеді.

Мысалы, Баянауыл ауданында «GLOBAL WINE EKIBASTUZ» кәсіпорнының құжатсыз алкоголь өнімдерін жеткізу фактісі тоқтатылды. Нәтижесінде кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы облыс бойынша лицензиясыз сатылған алкоголь өнімдерінің 2 мыңнан астам бірлігі тәркіленді.

Аққулы ауданында айлық барысында прокурорлар кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық фактісін анықтады.

Анықталғандай, анасы уақытша Алматы облысына кеткен кезде өгей әкесі мектепке дейінгі сынып оқушысын ұрған.

Аталған дерек бойынша бірден ҚК-тің «Қинау» 110 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұдан бөлек, іс-шаралар кезінде мемлекетаралық іздеуде жүрген 9 азамат анықталып, олардың жауапкершіліктен жалтаруы алдын алуға мүмкіндік берілді.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: