Павлодар облысында қарыз өндіру шаралары күшейтілуде

Павлодар облысында қарыз өндіру шаралары күшейтілуде

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Павлодар облысының аумағында прокуратура органдары уәкілетті органдармен бірлесіп «Борышкер» атты ауқымды рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Олардың мақсаты — борышкерлерді анықтап, жауаптылыққа тарту, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алу шараларын қамтамасыз ету.

Тек соңғы айдың өзінде 156 млн теңгеден астам қаражат өндіріліп, өндіріп алушыларға 38 бірлік мүлік берілді, 30 автокөлік айыптұрағына қойылды, 23 борышкер жұмысқа орналастырылды, 50 борышкер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Бекітілген кестеге сәйкес, рейдтік іс-шаралар мен пәтер аралау жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады.

Мемлекет кірісіне төленетін міндеттемелердің және алимент өндірудің орындалу мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: