Қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайта саралау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес

Қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайта саралау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес

Облыс прокурорының орынбасары Е.К. Искаковтың төрағалығымен қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайта саралау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Іс-шараға прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, қала, аудан прокурорлары, сондай-ақ облыстық полиция департаментінің өкілдері қатысты.

Соттар тарапынан құқық бұзушылықтардың саралануын өзгерту себептері талқыланып, олардың алдын алу шаралары айқындалды.

Кеңес қорытындысы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және мемлекеттік айыптауды қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: