Ақсу қаласында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін құрылысы аяқталмаған пәтерлер «сатып алынды»

Ақсу қаласында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін құрылысы аяқталмаған пәтерлер «сатып алынды»

Ақсу қаласының прокуратурасы ағымдағы жылы мұқтаж азаматтарға арналған 24 пәтердің тұрғын үйге жарамсыз күйінде сатып алынғаны анықталды.

       Тексеру барысында Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің сатып алған пәтерлері сол кезде әлі толық аяқталмаған және азаматтардың тұруына дайын болмағаны белгілі болды.

       Құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысының заңсыз әрекеттері нәтижесінде мемлекетке 50 миллион теңгеден астам залал келтірілген.

       Ақсу қаласының ауданаралық соты аталған лауазымды тұлғаны қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану арқылы ауыр зардаптарға әкелгені үшін екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

       Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

       Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заңбұзушылықтар жойылып, кезекте тұрған азаматтар көптен күткен тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: