Павлодар облысында жалақы қарызының 90% өндірілді

Павлодар облысында жалақы қарызының 90% өндірілді

Жыл басында Павлодар облысында жалақы бойынша берешек 521 млн теңгені құраған. 570 жұмысшы еңбекақысын ала алмаған.

Прокуратураның үйлестіруі және жеке сот орындаушыларының шараларының арқасында осы соманың 90%-ы немесе 445 млн теңге өндірілді.

Қолданылған негізгі тетік – борышкерлердің мүлкін тәркілеу және сату, елден шығуына тыйым салу, сондай-ақ жалақы төлеуден жалтарған жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын қолдану.

Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі 430 қызметкеріне толықтай қарызын өтеді.

Бұл нәтижелер жүйелі прокурорлық қадағалаудың және сот орындаушыларының тиімді жұмысының айқын дәлелі. Жалақы, алимент және мемлекет пайдасына өндірілетін басқа да берешектерді өндіру – прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Қалған қарыздарды өндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: