Май ауданы прокуратурасының шараларымен 144 білім саласы қызметкерінің құқықтары қорғалды

Май ауданы прокуратурасының шараларымен 144 білім саласы қызметкерінің құқықтары қорғалды

Май ауданы прокуратурасымен еңбек заңнамасы саласында жүргізілген талдау нәтижесінде 144 білім беру ұйымы қызметкерлерінің құқықтарының бұзылғаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес әркім қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына құқылы.
Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасап, арнайы киіммен, алдын алу шараларына арналған құралдармен, жуғыш және дезинфекциялық заттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бұл нормалар уәкілетті мемлекеттік еңбек органы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс.

Анализ барысында ауданның 13 білім беру ұйымында қызметкерлердің арнайы киіммен және санитарлық-гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілмегені анықталды.
Мысалы, «Е.Мұқашев атындағы» мектепте биология, химия, физика пәндерінің мұғалімдері мен лаборанттары арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмеген.

Нәтижесінде қадағалау актісі арқылы 144 азаматтың құқықтары қорғалып, анықталған заңбұзушылықтар жойылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: