Қадағалау салаларындағы ахуал туралы құрылымдық бөлімшелердің басшылары баяндама жасады.
Атқарылған шаралардың нәтижесінде мемлекетке шамамен 3 млрд теңге өтеліп, 6,4 млрд теңге сомасындағы мүлік қайтарылды, 100 мың азаматтың құқықтары қорғалды, 97 инвестордың мәселелері шешімін тапты және басқа да нәтижелерге қол жеткізілді.
Облыс прокуроры азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің мүдделерін сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу – алдағы кезеңдегі басым міндеттер екенін атап өтті.
Сонымен қатар, халық үшін «сезімтал» саналатын мәселелерге – алаяқтықпен күрес, есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, көше қылмыстарын азайту, отбасылық-тұрмыстық саладағы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аудару қажет.
Күнделікті жұмыспен қатар, облыстық аппарат пен қалалық және аудандық арнайы прокурорларға цифрлық технологиялар мен ақпараттық-талдамалық құралдарды пайдалана отырып, «бастамашыл кейстерді» белсенді іске асыру тапсырылды.
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: