Ақсу қаласының прокуратурасы өндірістік жарақаттануды азайту шараларын талқылады

Ақсу қаласының прокуратурасы өндірістік жарақаттануды азайту шараларын талқылады

13 қазанда Ақсу қаласының прокурорының төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде өндірістік жарақаттанудың алдын алу және оны азайту мәселелері қаралды.

Жалпы республика бойынша жарақаттану деңгейі 17%-ға төмендегенімен, Павлодар облысында керісінше 23%-ға өсім байқалады.
Ең проблемалы кәсіпорын – Аксудың ферроқорытпа зауыты болып қалып отыр, онда биылғы жылдың басынан бері 8 жұмысшы зардап шеккен. Соңғы үш жылда зауытта 12 өндірістік жазатайым оқиға тіркеліп, оның екеуі өліммен аяқталған.

Оқиғалардың негізгі себептері – орта буын басшылары тарапынан өндірістік бақылаудың жеткіліксіздігі және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы.

Сондай-ақ прокурорлар арнайы тергеулерді жүргізу тәртібінің бұзылғанын анықтады.

Еңбек жағдайының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған барлық бірлескен шаралар хаттамаға енгізіліп, тиісті тұлғаларға орындауға жолданды.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: