2025 жылғы 3 қазанда Ақсу қаласының мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын талан-таражға салу ісі бойынша үкім шығарды.
Айыпталушылар қатарында Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы мен мердігер компания өкілі отырды, екеуі де 7 жыл бас бостандығынан айырылды.
Бұл сот процесі көрсетілімдік сипатқа ие болып, оған мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Еске сала кетейік, бұған дейін, 2024 жылы Ақсу қаласының прокуратурасы төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстар актілерінің заңсыз қол қойылғанын анықтаған болатын.
Алдын ала тергеу барысында арнайы прокурорлар мемлекетке 290 миллион теңгеден астам шығын келтірілгенін анықтады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: