Екібастұзда прокурорлар мен полиция қызметкерлері жастармен кездесіп, онлайн-алаяқтықтың құрбаны болмау жолдарын түсіндірді

Екібастұзда прокурорлар мен полиция қызметкерлері жастармен кездесіп, онлайн-алаяқтықтың құрбаны болмау жолдарын түсіндірді

Павлодар облысының прокуратурасы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында, құқықтық мәдениет пен кәмелетке толмағандар арасында жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында Екібастұз қаласының жоғары сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттерімен нашақорлық қылмыстары мен интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуге 300-ден астам оқушы мен студент қатысты, спикерлер ретінде облыс прокуратурасы мен полиция департаментінің қызметкерлері сөз сөйледі.

Кездесу барысында оқушылар мен студенттерге есірткі қылмыстары мен алаяқтық бойынша қылмыстық заңнама нормалары, аталған санаттағы қылмыстар үшін заңды жауапкершілік, дропперлік үшін жаза түсіндіріліп, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді, есірткі заттарының денсаулыққа тигізетін зияны айтылды.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме