Павлодарда инвесторларға электрмен жабдықтау тарифтері төмендетілді

Павлодарда инвесторларға электрмен жабдықтау тарифтері төмендетілді

Павлодар қаласының прокурорлары өңір экономикасына 400 млрд теңгеден астам инвестиция салған 20 кәсіпорынға қатысты электр энергиясына тарифтерді қолдану саласындағы бұзушылықтарды анықтады.

Талдау көрсеткендей, монополист кәсіпорындардан жеңілдікті қолданбай жалпы тариф бойынша ақы алған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша инвесторларға жеңілдік тарифі белгіленді, бұл электр энергиясының құнын төмендетуге мүмкіндік берді.

Қабылданған шара «Павлодар» АЭА қатысушыларының шығындарын қысқартты және өңірде инвестициялық қызметті жүргізу үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды қалыптастыруға ықпал етті.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: