Павлодарда жер қойнауын пайдалану үшін лицензиялар заңсыз ресімделген

Павлодарда жер қойнауын пайдалану үшін лицензиялар заңсыз ресімделген

Жер қойнауын пайдалану саласындағы прокуратура жүргізген тексеріс нәтижелері алқа отырысында қаралды.

Облыс аумағында жер қойнауын өндіру рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырылып жатқаны анықталды.

Мысалы, Баянауыл ауданында «IBM Gold» ЖШС осы жылдың басынан бері экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірумен айналысқан.

Жер қойнауын заңсыз пайдаланған тағы 11 кәсіпорын анықталды.

8 жағдайда пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары келісімшарттық аумақтардан тыс жерлерде жүргізілген. Сонымен қатар, келісімшарттардың мерзімін заңсыз ұзарту фактілері де белгілі болды.

Аталған бағыттағы мемлекеттік бақылаудағы бұзушылықтар мен олқылықтар облыс прокуратурасының алқа отырысында талқыланды.

Отырысқа жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ экологиялық және салықтық бақылау органдарының басшылары қатысты.

Алқа қорытындысы бойынша бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының алгоритмі әзірленді.

Барлық құқықбұзушылықтар бойынша тиісті, оның ішінде іс жүргізу шаралары қабылданды.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: