Ол прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы бастаған.
Әр жылдары Алматы, Астана қалаларының, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуратураларында және Бас прокуратурада басшылық лауазымдар атқарған.
Сондай-ақ, Әділет министрлігінің Заңнама және нормативтік құқықтық актілер департаментінің директоры,
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымын атқарып келді.
Жаңа басшыны ұжымға және облыс активіне Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков таныстырды.
Ол басшының кәсібилігі мен тәжірибесін атап өтіп, оның басшылығымен Павлодар облысының прокуратурасы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жолындағы жұмысын жалғастыратынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, Бас прокурордың орынбасары өңірдегі қадағалау органының алдағы кезеңдегі негізгі басым бағыттарын айқындады.
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: