Павлодар облысының прокуратурасы жастармен кездесу өткізді: нашақорлық және онлайн-алаяқтықтың құрбаны болмау жолдары

Павлодар облысының прокуратурасы жастармен кездесу өткізді: нашақорлық және онлайн-алаяқтықтың құрбаны болмау жолдары

«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру шеңберінде Павлодар облысының прокуратурасы қаладағы жоғарғы сынып оқушылары мен колледж студенттерімен ауқымды профилактикалық кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға 800-ден астам жасөспірім — жоғарғы сынып оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттері қатысты. Спикер ретінде облыстық прокуратура, полиция департаменті, экономикалық тергеу департаменті және денсаулық сақтау басқармасының өкілдері сөз сөйледі.

Кездесудің негізгі тақырыптары — нашақорлық қылмыстарының алдын алу, интернет-алаяқтықпен күрес, дропперлік пен жалған банк шоттары арқылы ақшаны заңдастыру схемаларына қатысудың құқықтық салдары болды.

Прокурорлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысушыларға есірткі заттарының заңсыз айналымы мен киберқылмыстар үшін қарастырылған заң нормалары мен жауапкершілікті егжей-тегжейлі түсіндірді. Есірткінің денсаулыққа зиянына және кәмелетке толмағандарды интернет арқылы қылмыстық схемаларға тарту тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында жастардың өзіндік мінез-құлқы мен цифрлық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында құқық бұзушылықтардың нақты салдарын көрсететін тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

«Біздің міндетіміз — қылмыстың алдын алу ғана емес, сонымен қатар жастарда құқықтық мәдениетті қалыптастырып, әрбір әрекеттің салдарын ұғындыру», — деп атап өтті облыстық прокуратура өкілі.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу — облыс прокуратурасы мен барлық мүдделі органдардың басты басымдықтарының бірі болып қала береді.

 

#ЗаңменТәртіп

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: