Павлодар облысы прокуратурасында «Рухани жаңғыру» аясында «Ана тілі» орталығымен бірлесіп 2020 жылғы 22 қыркүйектен бастап 29 қыркүйек аралығындаоблыс прокуратурасы қызметкерлері арасында «Қазақшаң қалай, прокурор?!» конкурсыонлайн форматта өткізілді. Сайысқа 24 қызметкер қатысты.
Конкурстың мақсаты - мемлекеттік тілді насихаттау, өзара байланыс мәдениеті мен сөйлеу дағдысын құрастыру және дамыту, қолдану аясын кеңейту. Мемлекеттік тілде сөйлеу, жазу, білу қабілеттерін ынталандыру. Қатысушылар сайыстың төрт кезеңінен өтті.
І кезеңде қызметкерлер «Аna tili» мобилді қосымшасы арқылы ұсынылған тапсырмаларды орындап, бір апта ішінде қажетті балл жинады.
ІІ кезеңде ФЛЕШ-ТРЕНИНГ тапсырмалары орындалды (көркем аударма).
ІІІ кезеңде ресми стильге бағытталған интерактивтік тапсырмалар орындалды (балл).
ІV кезеңде интерактивтік диктант жазылды және сайыс қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды және марапат қағаздарымен марапатталып, сыйлықтар табысталды.