«Jana Men» жобасының негізін қалаушылар Павлодар облысының прокуратурасымен бірлесіп салауатты өмір салтын насихаттау бойынша акция өткізді

«Jana Men» жобасының негізін қалаушылар Павлодар облысының прокуратурасымен бірлесіп салауатты өмір салтын насихаттау бойынша акция өткізді

Павлодар облысы прокуратурасының футбол командасы Павлодар қаласының Орталық жағалауында өткен ашық көрсетілім жаттығуына қатысты.

Акция салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану және құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Облыс прокуратурасының қызметкерлері өздерінің жеке үлгісі арқылы азаматтарды, әсіресе өскелең ұрпақты дене шынықтыру мен спортқа белсенді түрде тартуға шақырды.

Команданың капитаны – облыс прокурорының орынбасары «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыс туралы айтып, барша азаматты спортпен айналысуға және кез келген жағымсыз көріністерге бей-жай қарамауға үндеді.

Іс-шара әртүрлі жастағы мыңдаған адамды біріктіріп, қоғамда дұрыс мінез-құлық идеяларын ілгерілетуге деген белсенді ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік берді.