Ақсу қаласында есірткі заттарының ірі партиясы бойынша көрнекі сот процесі өтті

Ақсу қаласында есірткі заттарының ірі партиясы бойынша көрнекі сот процесі өтті

Ақсу қаласының көпсалалы ауданаралық соты жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады. Ол психотроптық заттарды аса ірі көлемде заңсыз сатып алды, сақтады және өткізу мақсатында тасымалдады деп айыпталды.

Іс бойынша көрнекі сот отырысы жастар арасындағы есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыс аясында өткізілді. Процеске Ақсу қара металлургия колледжінің студенттері мен қала мектептерінің оқушылары қатысты.

Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушы ұйымдасқан топ құрамында әрекет етіп, «Telegram» мессенджері арқылы тыйым салынған заттар жасырылған жерасты қоймасының координаталарын алған. Жерден 38 орам табылды, олардың ішінде қауіпті синтетикалық каннабиноид «MDMB-4-en-PINAKA» болған. Есірткі заттары кейін сатуға арналды деп анықталды.

Аталған іс бойынша алдын ала тергеуді Ақсу қалалық полиция бөлімі жүргізді. Сот тергеуі барысында айыпталушының кінәсі дәлелденді. Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, мемлекеттік айыптаушы қатаң жаза қолдануды талап етті.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, мүлкін тәркілей отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

 

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: