Павлодар прокурорлары мемлекеттің мүліктік мүдделерін 777 млн теңгеге қорғады

Павлодар прокурорлары мемлекеттің мүліктік  мүдделерін 777 млн теңгеге қорғады

Облыс Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде «Богатырь Комир» ЖШС компаниясы заңсыз түрде корпоративтік табыс салығын 15% орнына 5% мөлшерінде қолданғаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде кәсіпорынға 777 млн теңге қосымша салық төлеу туралы хабарлама берілді.

Департаменттің шешімімен келіспей, Серіктестік салық органының шешіміне әкімшілік сотқа шағымданды, нәтижесінде ол хабарламаның күшін жойды.

Алайда, прокуратураның апелляциялық өтініші бойынша Павлодар облыстық соты салық есептеу туралы хабарламаны заңды деп таныды.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

#ЗаңменТәртіп

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: