Зиянды заттар шығарындыларының ірі көзі Павлодар облысында қоршаған ортаға эмиссияларды заңсыз жүзеге асырды

Зиянды заттар шығарындыларының ірі көзі Павлодар облысында қоршаған ортаға эмиссияларды заңсыз жүзеге асырды

"Қазхром "ТҰК" АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауыты қазандығының шаруашылық қызметінің нәтижесінде ағымдағы жылдың 1 тоқсанында шамамен 700 тонна көлемінде нормативтен тыс шығарындылар өндірілді.

1990-шы жылдардан бастап зауыт Ақсу қаласын жылумен қамтамасыз етеді, оған бұрын рұқсаттар алып, эмиссиялар (салықтар) үшін төлем жүргізген.

2021 жылы "Қазхром "ТҰК" АҚ эмиссияларға кешенді экологиялық рұқсат алды және шығарындыларды азайтуды қамтамасыз ететін технологияларды енгізудің орнына 10 жылға салық төлеуден босатылды.

Көрсетілген рұқсат құжатымен қазандық шығарындылары бойынша лимиттер 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін көзделген.

Кәсіпорын жаңа қалалық жылу жүйесінің аяқталмаған құрылысы туралы сенімді білгендіктен және елді мекенді одан әрі жылытуды көздегендіктен, Экологиялық кодекстің 118-бабына сәйкес КЭР-ді қайта қарап, оған тиісті өзгерістер енгізуге міндетті болды.

Жүргізілген талдау негізінде табиғат қорғау прокуратурасы ӘҚБтК-нің 328-б.1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, қаралып отырған жағдайда 1,2 млрд теңге көлемінде айыппұл қарастырылады.

Бұл ретте жеңілдететін мән-жайлардың (кінәні мойындау, әлеуметтік қатысу) болуына байланысты экология департаменті айыппұлды 30%-ға қысқартып, 855 млн теңгені құрады, ол бүгінгі күні республикалық бюджетке төленді.

 

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: