Облыс прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан чемпионат ұйымдастырды.
300-ден астам жас спортшылардың қатысуымен өткен іс-шараны облыс прокуроры Берік Жүйріктаев ашты.
Спорт жарыстарын өткізу салауатты өмір салтын насихаттауға, дене шынықтыруды дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында заңдылық пен әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды, олар бағалы сыйлықтармен, медальдармен және республикалық турнирге қатысуға жолдамалармен марапатталды.
#ЗаңменТәртіп
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: