Осы жиынға құқық қорғау органдарымен қатар, бизнес-қоғамдастық өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Қылмыстардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласында белсенділік танытқан азаматтық қоғам өкілдері облыс прокурорының алғысхаттарымен және сыйлықтарымен марапатталды.
Жалпы, қатысушылар «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру бойынша бірлескен жұмыстардың нәтижелерін талқылады. Сонымен қатар, қылмыстардың алдын алуға бағытталған жобалар таныстырылды: «Қауіпсіздікпен оқимыз», «Электр энергиясын тұтынуда жасанды интеллект», «Онлайн алаяқтыққа қарсы мобильді қосымша», «Криптовалюта орнату», «Зорлық-зомбылыққа қарсы жасанды интеллект».
Жиын қорытындысы бойынша бірнеше нақты шешім қабылданып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталды.
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: