Бұл бастама өңір прокуратурасының «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып, сотталғандардың құқықтарын қорғау мен олардың қайта әлеуметтенуіне бағытталған.
Қабылдауға прокуратура, медицина, білім беру, әлеуметтік қорғау өкілдері қатысады. Сотталғандар тікелей сұрақтар қойып, білім алу, жұмысқа орналасу немесе медициналық қызмет көрсету бойынша көмек ала алады.
Қабылдаудың форматы «тыңдайтын мемлекет» принципін көрсетеді — нақты проблемалар анықталады, адамдардың түрмеде кездесетін қиындықтары ескеріледі. Бұл сотталғандардың бейімделуіне көмектеседі және қайталанушылық қаупін азайтады.
Бүгінгі күнге дейін мамандарға шамамен 155 сотталған жүгінген.
Талдауды қажет ететін сұрақтар бойынша жазбаша өтініштер іріктеліп алынады.
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: