Ата Заң – Тәуелсіздіктің тірегі!

Ата Заң – Тәуелсіздіктің тірегі!

2025 жылғы 19 мамырда Маңғыстау облысы сотының төрағасы М.Н.Текетаевтың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған конференция өтті.

Ауқымды шараға арнайы Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты төрағасының орынбасары Б.М.Нұрмұханов, Сот әкімшілігі басшысының орынбасары А.С.Мусралинов келді, сондай-ақ өңірдегі судьялар, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының басшылары қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты – Ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес Конституцияның қоғамдағы орны мен маңыздылығын кеңінен насихаттау, құқықтық мәденитетті көтеру, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Осы конференцияда Маңғыстау облысының прокуроры Айдос Майлыбаев Ата заңның – жоғарғы үстемдігі, адам мен азаматтың ең жоғарғы құндылықтары болған негізгі құқықтарының кепілі, сондай-ақ Конституциялық реформамен прокуратура органдары мәртебесінің күшейтілгені туралы атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы іске асыру, əділеттілік қағидатын орнату сот, құқық қорғау және уәкілетті органдардың міндеті.

Сондықтан прокуратура органдары Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етеді.

#Заң_мен_Тәртіп

Маңғыстау облысының прокуратурасы