Жеңістің 80 жылдығына орай Маңғыстау облысының прокуратурасы «Прокурор тәрбиесі» жобасы аясында ерекше экологиялық және тәрбиелік маңызы бар ауқымды іс-шара өткізді.
«80 жыл – 80 тал» ұранымен ұйымдастырылған акция барысында прокурорлар мектеп оқушылары және студенттермен бірге 80 түп ағаш отырғызды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, табиғатты аялауға баулу және қоғамдық жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
Акция аясында прокурорлар жастармен ашық әңгімелесу өткізіп, бейбіт күнде өмір сүрудің құндылығы мен ағаш көгалдандырудың экологиялық маңызына тоқталды..
Жастарға құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдарды сақтау және қауіпсіз өмір салтын ұстану бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Ағаш отырғызу — болашаққа жасалған игі іс.
Халқымызда: «Бір тал кессең, он тал ек» деген дана сөз бар.
Бұл акция жасыл желекті көбейтумен қатар, жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЭкологиялықАкция
Маңғыстау облысының прокуратурасы