Ағымдағы жылғы 18 сәуірде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтың, оның бірінші орынбасары Құрманғазы Исказиевтің, сондай-ақ облыстың арнайы және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы өзекті мәселелер, оның ішінде еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек жанжалдарының алдын алу, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілуі, еңбек жағдайларын жақсарту және халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру шаралары талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді шараларды бірлесіп қабылдауға және өзара іс қимыл мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірдегі заңдылық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында барлық мүдделі тараптардың күш-жігерлерін үйлестіруді жалғастырады.
#Заң_мен_Тәртіп
Маңғыстау облысының прокуратурасы