Маңғыстау облысы прокуратурасында ведомствоаралық кеңес өткізілді

Маңғыстау облысы прокуратурасында  ведомствоаралық кеңес өткізілді

Облыс прокурорының орынбасары Берік Құлмағамбеттің төрағалығымен Маңғыстау облысы полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Бейне-конференцбайланыс арқылы жиналыстың жұмысында аудан прокурорлары мен аумақтық полиция қызметкерлері қатысты.

Соттан істерді қайтару себептері, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша тергеудің аяқталғаны туралы есептердің және айыптау актілерінің сапасына қатысты мәселелер бірлесіп талқыланды.

Жиынға қатысушыларға сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру және сапалы процестік құжаттарды дайындау қажеттігі туралы ескертілді.

Сонымен қатар отырыстың күн тәртібіне «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы»  ҚР Заңын іске асыру шеңберінде сомаларды төлеуге қатысты мәселелер де енгізілді.

Мәселен, бүгінге Маңғыстау облысында зардап шеккендерге өтемақы түрінде 34 миллион теңгеден астам ақша төленді.

Полиция департаменті қордан өтемақы алуға құқығы бар қылмыстық процеске қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған.

Жиналыстың қорытындысы бойынша басқа да нақты тапсырмалар берілді, олардың орындалуы прокуратураның бақылауында.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы