Жазаның мақсаты - әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру

Жазаның мақсаты - әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру

ҚР ҚК-нің 46-бабына сәйкес аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру белгіленуі мүмкін.

Жазаның бұл түрі қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеледі.

2025 жылдың өткен кезеңінде Маңғыстау облысында үш адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Осылайша, ағымдағы жылдың қаңтарында адам ұрлау, психотроптық заттарды тұтынуға көндiру, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау және бопсалау бойынша сотталған тұлғаға қатысты үкім заңды күшіне енді.

Психотроптық заттарды тұтынуға көндiру фактісі (ҚР ҚК 299-бабының 4-бөлігі) жоғары көрсетілген қылмыстардың жиынтығымен жәбірленушінің өз-өзіне қол жұмсауымен тікелей себеп-салдарлық байланыста болды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған тағы екі адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды (ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі).

Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айынан бастап ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігінің санкциясында өзгеріске сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындаудан басқа альтернатива қарастырылмаған.

Бұл өзгерістер әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жауапкершілікті күшейту шеңберінде қабылданды.

#Заң_мен_Тәртіп

#Зорлыққажолжоқ

 

                    Маңғыстау облысының прокуратурасы