Маңғыстау облысы прокуратурасында алқа отырысы өткізілді

Маңғыстау облысы прокуратурасында алқа отырысы өткізілді

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен білім беру саласындағы тексерулердің нәтижелері бойынша алқа отырысы өтті.

Отырысқа облыс әкімі, бала құқықтары жөніндегі уәкілі, сондай-ақ уәкілетті органдардың басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

Тексерумен анықталған бұзушылықтар, білім сапасының төмендеуіне әсер ететін факторлар және балалардың қауіпсіздігі мәселесі талқыланды.

Прокурорлық тексерулермен 300-ден астам тұлға тәртіптік, 500-ден астам тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Соңғы 3 жылда прокурорлармен жалған дипломмен қызмет етудің 100-ге жуық және педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту туралы жалған сертификаттарды пайдаланудың 7 фактісі анықталды.

Қаражат жымқыру, алаяқтық, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану әрекеттері үшін 20-дан аса қылмыстық іс тіркелген.

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев, аймақта білім сапасын жақсартуға бағытталған «Жастар білімді болуға құқылы» жобасының маңыздылығына ерекше тоқталды.

Білім сапасына кері әсер ететін бірнеше факторлар анықталып, профильді министрлікке кешенді ұсыныс жолданды.

«Заң және Тәртіп – әр азамат ұстануға тиіс басты қағида. Біз формалды тәсілге жол бере алмаймыз – тек нақты әрекеттер мен нақты өзгерістер қажет. Алдағы жұмысымыз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың білім сапасын арттыру және педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін жетілдіру бойынша бірлескен шараларды қабылдауға бағытталуы керек»,  – деп түйіндеді облыс прокуроры.

Алқа отырысының нәтижелері бойынша уәкілетті органдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар әзірленді және нақты тапсырмалар берілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп

       Маңғыстау облысының прокуратурасы