Маңғыстау облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары талқыланды

Маңғыстау облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары талқыланды

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен облыс әкімінің қатысуымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалған қылмыстардың алдын алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы мәселесі қаралды.

Құқық бұзушылықтың жай-күйі мен динамикасының талдау нәтижелері талқыланып, құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар келісілді.

Статистикаға сәйкес, ағымдағы жылдан бастап кәмелетке толмағандармен 8 қылмыс жасалған (2024 жылы – 59), оларға қатысты – 53 (2024 жылы – 599).

Профилактикалық шараларға, оның ішінде әл-ауқаты төмен отбасылармен жұмыс істеуге, жастарды жұмыспен қамту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше назар аударылды.

Осылайша, өткен жылы прокурорлар кәмелетке толмағандарға қатысты 500-ден аса профилактикалық іс-шараларды жүргізді. 2300-ден астам отбасының мекен-жайларын аралады.

Кәмелетке толмағандардың психикасы мен мінез-құлқына теріс әсер ететін бірқатар мәселелер анықталды.

Осыған байланысты осы санаттағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ескертуге, сондай-ақ «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған шаралар кешені бекітілді.

Облыс прокуроры «Жастар – біздің болашағымыз және олармен қылмыстық жолды әдеттегі таңдау болуына жол беруге құқығымыз жоқ. Құқық қорғау органдарының, жергілікті биліктердің, оқу орындарының және жалпы қоғамның үйлестірілген күш-жігері ғана өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз орта құруға мүмкіндік береді» - деп атап өтті.

Өз кезегінде, өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай прокуратураның бастамаларын қолдап, көтерілген мәселенің маңыздылығын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу шараларын күшейту, профилактикалық жұмыстарды жандандыру және бекітілген шешімдердің орындалуына тиімді бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

 

#Заң_мен_Тәртіп

                     

Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме