Бейнеу аудандық прокуратурасы пробация қызметінің жұмысына талдау барысында пробация есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру саласындағы бұзушылықтарды анықтады.
Облыс әкімінің 2024 жылға арналған қаулысы негізінде есептегі адамдарды жұмыспен қамту үшін 5 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарына квота бекітілген.
Алайда кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сәйкес аталған санатты азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.
Прокуратураның араласуынан кейін белгіленген квотаға сәйкес пробациялық бақылаудағы 7 адам жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар, қадағалау актісі бойынша Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 5 мемлекеттік кәсіпорын басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 98-бабы 1-бөлігінің 4-тармағымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
#ЗАҢменТӘРТІП
Маңғыстау облысының прокуратурасы