Мектеп асханасының жұмысшылары жалған құжатпен жұмыс жасағаны үшін сотталды

Мектеп асханасының жұмысшылары жалған құжатпен жұмыс жасағаны үшін сотталды

Мұнайлы ауданы сотының үкімдерімен мектеп асханасының 4 жұмысшысы өткен жылдың желтоқсан айында айыппұл түріндегі жазаға сотталды.

Көрсетілген тұлғалар жалған санитарлық құжаттарды пайдалану арқылы Мұнайлы ауданының № 8 орта мектептің тамақтандыру блогында жұмыс жасаған.

Бұл жағдай аталған мектептің оқушыларының жаппай улануынан кейін тексеру кезінде анықталды.

Қазіргі таңда соттің үкімдері заңды күшіне енді.

 

 

#ЗАҢменТӘРТІП

#Жауапкершілік

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы