Бейнеуде электр энергиясына қосылу бағасының асыра көрсетілуі: прокуратура бұзушылықты анықтады

Бейнеуде электр энергиясына қосылу бағасының асыра көрсетілуі: прокуратура бұзушылықты анықтады

Бейнеу ауданының прокуратурасы «Бейнеуэнергосервис» МКК-ның электр энергиясына қосылу бағасын заңсыз көтеру фактісін анықтады.

Талдау барысында кәсіпорынның тұрғындар мен кәсіпкерлерден электр энергиясына қосылу үшін заңсыз жоғары сомалар алғаны анықталды.

Мысалы, «Ермагамбетова» жеке кәсіпкерінен 160 мың теңгеден астам ақша өндірілген, оның ішінде ғимаратын 380 вольттық электр желісіне қосу үшін 70 мың теңге заңсыз түрде бақыланбайтын шығындар есебінен алынған.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде электр энергиясына қосу шығындары қайта есептелді: тұрғындар үшін қосылу құны 36%, ал кәсіпкерлерге 61% (380 вольт) және 52% (220 вольт) төмендетілді.

Сонымен қатар кәсіпорын басшылығы тарифтердің негізсіз көтерілгені үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗаңБәрінеОртақ

 

    Маңғыстау облысының прокуратурасы