Ақтауда бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге қатысты үкім шықты

Ақтауда бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге қатысты үкім шықты

Ақтау қаласының прокуратурасымен балабақшада бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректері анықталды.

Талдау барысында №39 «Хиуаз бөбекжай» балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударғаны анықталды.

Көрсетілген дерек бойынша сотпен есепшіге қатысты ҚК-тің 189-бабының 3-б. 1) т. үкім шығып, 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 

#ЗАҢменТӘРТІП

#ЗаңбәрінеОртақ

#Жауапкершілік

Маңғыстау облысының прокуратурасы