Маңғыстау ауданының прокуратурасы балабақшаларда бірқатар бұзушылықтарды анықтады

Маңғыстау ауданының прокуратурасы балабақшаларда  бірқатар бұзушылықтарды анықтады

Маңғыстау ауданының прокуратурасы аудандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тексерді.

Тексеру барысында санитарлық норма, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, сондай-ақ білім беру және медициналық қызмет салаларында бұзушылықтар анықталды.

Нәтижесінде 111 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 19 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ жекеменшік балабақшамен іс жүзінде балабақшаға бармаған балалар үшін мемлекеттік бюджеттен 6,6 млн теңге заңсыз алғаны анықталды.

Қылмыстық кодекстің 190-б. 3-б. 1) т. Бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру қорытындысымен сотқа жолданды.

Нәтижесінде балабақша директорына үкім шығарылды: мектепке дейінгі оқыту мен бала тәрбиелеуді ұйымдастыру саласында қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

#ЗАҢменТӘРТІП

#ЗаңБәрінеОртақ

#Жауапкершілік

                   

Маңғыстау облысының прокуратурасы