Прокуратура су тарифтерін төмендетуге қол жеткізді

Прокуратура су тарифтерін төмендетуге қол жеткізді

Облыс прокуратурасы су тарифін белгілеу кезінде заңнама талаптарының сақталмағанын анықтады.

Атап айтқанда, ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін жергілікті бюджеттен субсидияланатын судың бағасы бір текше метр үшін 70 теңгеден негізсіз 120 теңгеге ұлғайтылды.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы наразылық түрінде прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Қарау нәтижесінде мәслихат шешімінің күші жойылып, бір текше метрге сомманы 120-дан 70 теңгеге дейін түсіру туралы жаңа шешім қабылдады, осылайша ауылдық елді мекендердің 73 мың абоненттің құқықтары қорғалды.

 

#ЗАҢменТӘРТІП

#ЗаңБәрінеОртақ

Маңғыстау облысының прокуратурасы