Өндірістік жарақаттарды жасыру: прокуратурамен қылмыстық істер тіркелді

Өндірістік жарақаттарды жасыру: прокуратурамен қылмыстық істер  тіркелді

Мұнай сервистік компаниялары өндірістік жазатайым оқиғаларды жасырды.

Прокурорлық тексеріспен өндірістік жарақатқа байланысты материалдарды құқық қорғау органдарына жолдамау фактілері анықталды.

Мысалы, жұмысшының жарақаты бойынша оның денсаулығына ауыр зиян келтіргені туралы қорытынды берілгеніне қарамастан, мұнай сервистік компанияның лауазымды тұлғалары бұл фактіні жасырған. 

Тағы бір жазатайым оқиға бойынша дәл осындай жасыру фактісі орын алғаны белгілі болды. 

Облыс прокуратурасы жинақтаған материалдар ҚК-нің 156-бабының 1-бөлігімен қылмыстық істер тіркеліп сотқа жолданды.

 

#ЗАҢменТӘРТІП

                   

 Маңғыстау облысының прокуратурасы