Дропперге қатысты қылмыстық іс бойынша

Дропперге қатысты қылмыстық іс бойынша

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен аса ірі мөлшерде интернет-алаяқтықты жасауға жәрдемдескен тұлға ұсталды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың қазан айында Алматы қаласының тұрғыны банк есеп шоттарын алаяқтарға ұсыну арқылы ауыр қылмыстың жасалуына жәрдемдескен.

Алаяқтардың қылмыстық іс-әрекеттерінің салдарынан Ақтау қаласының тұрғындарына 90 млн теңгеден астам мүліктік зиян келтірілген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті тергеу судьясының санкциясымен қамауға алдынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

 

#ЗАҢменТӘРТІП

 

Маңғыстау облысы прокуратурасы