АЛИМЕНТ- ҚАРЫЗ ЕМЕС, ПАРЫЗ!

АЛИМЕНТ- ҚАРЫЗ ЕМЕС, ПАРЫЗ!

Ағымдағы жылы прокуратураның бастамасымен 36 азаматқа қатысты балаларын күтіп-бағуға арналған міндеттемелерін орындамағаны үшін (ҚК 139-бабы) қылмыстық істер тіркеліп, сотқа жолданды. 

Бүгінгі күні 14 азаматқа сотпен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мәселен, азамат «Р» ұзақ уақыт бойы алименттік міндеттемелерін орындауға шаралар қабылдамаған және оның борышы 4 млн теңгеден асты.

Соның нәтижесінде, сот азамат «Р»-ды кінәлі деп танып, 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.  Үкім заңды күшіне енді.

Сонымен қатар, алимент бойынша жалпы сомасы 15,5 млн теңге көлемінде борышы бар 6 азамат ҚК 68-бабына сәйкес тараптардың бітімге келуі және зиянның толық өтелуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартудан босатылды.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының аумағында алимент төлеуге міндетті шамамен 5 мың борышкер бар. Борыштарын өтемеген тұлғалар құқық қорғау органдары арқылы жауапқа тартылатын болады.

Алимент бойынша берешегі бар тұлғаларды мерзімінде борыштарын төлеп тұруға шақырамыз!

 

                           Маңғыстау облысының прокуратурасы