Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкері, самбодан Азия және Океания чемпионы, Нұрлан Аманиязов Душанбе қаласында самбодан шеберлер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген шеберлер 7 түрлі жастағы санаты бойынша медальдар үшін бақ сынады және бәсекелестік өте жоғары болды.
Біздің қызметкер тек техникалық дайындығын ғана емес, ерік күшін де көрсете білді, нәтижесінде жүлделі орынға ие болуға мүмкіндік берді.
Н.Аманиязов атап өткендей, самбо жаттығулары оның тек дене бітімін сақтауға ғана емес, сонымен қатар кәсіби қызметінде өзін-өзі тәрбиелеуде маңызды аспекті болып табылады.
Бұл жетістік кәсіби қызметке және спортқа құштарлықпен үйлесімді ұштасуына жарқын мысал.
Әділет кеңесшісі Н.Аманиязов прокуратура органдарында 18 жылдан астам қызмет етіп келеді, қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарады.
Жеңімпазымызға спорт саласында және кәсіби қызметінде жоғары табыс тілейміз!
Жеңіс құтты болсын!!!
Маңғыстау облысының прокуратурасы