Бүгін, ағымдағы жылдың 18 қазанында прокурорлар «Прокурорлық сағат» ауқымды іс-шарасын өткізді, оның шеңберінде бір мезгілде облыс орталығының 60-тан астам мектебіне барды.
Бұл акция - өткен жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Прокурор тәрбиесі» жобасының бір бөлігі.
Кездесулер барысында прокурорлар оқушыларға бұзақылық, төбелес, вандализм және басқа да құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірді.
Оларды әлеуметтік желілерде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде сақ болуға, үлкендерді құрметтеуге, ата-аналары мен мұғалімдерін тыңдауға және төмен сынып оқушыларын ренжітпеуге шақырды.
Іс-шараға облыстық және Ақтау қаласы прокуратурасының қызметкерлері қатысты.
Акцияны облыс прокуроры Айдос Майлыбаев басқарды, ол осы күні Ш.Есенов атындағы университеттің студенттерімен кездесті.
«Біздің қызметкерлер құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында үнемі мектептер мен басқа да оқу орындарына барады, ата-аналар жиналыстарына қатысады. Бірақ, бүгінгі акция бірегей, біз бір күнде облыстың орталығының барлық мектептерін қамтыдық», - деп атап өтті облыс прокуроры.
Маңғыстау облысының прокуратурасы