Бейнеу ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтар анықталды

Бейнеу ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтар анықталды

Бейнеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы жүргізілген талдау аясында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «Арай НС» ЖШС арасында Бейнеу ауылында газ құбырын тарту бойынша мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.

Алайда мердігер өз міндеттемелерін шартта белгіленген мерзімде орындамаған.

Прокурордың талап арызы бойынша Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Арай-НС» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танып, мемлекет пайдасына 11 млн теңгеден астам тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты және заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы