Маңғыстаудағы экологиялық бұзушылықтар: компанияға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды

Маңғыстаудағы экологиялық бұзушылықтар: компанияға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды

Табиғат қорғау прокуратурасымен талдау барысында экологиялық заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды.

Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған.

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Айыппұл сомасы 7,8 млн теңгені құрады.

 

                               Маңғыстау облысының прокуратурасы