Кәсіпкер заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартылған

Кәсіпкер заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартылған

Бейнеу ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында «Е» есімді жеке кәсіпкерге 11 млн теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз тағайындалғанын анықтады.

Атап айтқанда, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 802-бабының талаптарын бұза отырып, камералдық бақылау нәтижесі бойынша аталған кәсіпкерге әкімшілік өндіріс қозғалған.

Прокурордың наразылығы негізінде уәкілетті органның қаулысының күші жойылып, нәтижесімен кәсіпкердің құқығы қорғалды.

 

                                             Маңғыстау облысының прокуратурасы